20% төмен бағада ұсынылуда.
Түркістанда кезекті мектеп формасы мен оқу-құралдарының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен эко-базарда өткен іс-шара сағат 13:00-ге дейін жалғасты. Жалпы жәрмеңкеде мектеп формалары мен оқу-құралдары базар нарқынан 20% төмен бағада ұсынылды.
Нақты айтқанда мектеп формасы қыз балаға -5000 теңгеден, ер бала костьмдерін 14 мыңнан алуға болса, оқу-құралдарынан қарындаш - 15 теңгеден, дәптер- 25 теңгеден сатылды.
Ал, аяқ киімдер бағасы 5000-7000 аралығында қойылып, мектеп сөмкелері 2500 - 5000 теңге аралығында ұсынылды.