Түркістанда облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті

0
416

Өңірде этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген.


Түркістанда облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті

Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде елімізде азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін жақсарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл тұрғыда түрлі этнос өкілдерін біріктіретін Ассамблеяның маңызы зор. Осы орайда Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті.


Сессия отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев модераторлық етіп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысындағы этномедиация саласындағы жұмыстар республика көлемінде жоғары бағаланғанын атап өтті. Облыстағы этностар өкілдері тарапынан қазақ халқының тілі мен мәдениетін үйренуге деген ұмтылыс жоғары. Өңірде этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген.


Сессия шеңберінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары қызметіне «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сафаров Сарманбай мен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирсметов Бахадир сайланды.