Түркістанда облыстық жедел жәрдем станциясы салынып жатыр

0
704

Ғимараттың сапасы әкімдік тарапынан қатаң қадағаланады.


Түркістанда облыстық жедел жәрдем станциясы салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды құрылыс нысандарының жай-күйін бағдарлау үшін шаһарды кезекті рет аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясының да құрылысы да жүріп жатыр. Мердігер мекеме «А-Спецстрой» ЖШС нысанды жоспарға сай салуда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әкімшілік ғимаратының кірпіші қаланып, бағаналары құйылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 25 жедел жәрдем көлігіне арналған гараж, көлік жуатын орын мен автокөлік шеберханасының қабырғалары қаланған.


Өмірзақ Шөкеев нысанның облыс үшін маңызы барын айта келе, мердігерлер мен жауапты басшыларға жұмысты жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Ғимараттардың сапасы әкімдік тарапынан қатаң қадағаланып, талапқа сай болуына мән беріледі.