Түркістанда Президент кеңесшісінің қатысуымен жиын өтті

0
137

6 қазанда өтетін Референдумға қатысты баяндамалар жасалды.


Түркістанда Президент кеңесшісінің қатысуымен жиын өтті

Түркістанда ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына орай жиын өтті. Кездесуге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Шара барысында Жолдау аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды, сондай-ақ имамдардың қоғамның дамуына қосатын үлесі мен мемлекеттің зайырлылық ұстанымы жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам-Адал еңбек- Адал табыс» бағдарламалық баяндамасы талқыланып, 6 қазанда өтетін Референдумға қатысты баяндамалар жасалды.