Әр сайыс бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Түркістанда Республика күніне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
25 қазан – Республика күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Түркістан қаласында ұлттық спорт ойындарынан кең ауқымды жарыс өтеді.
Мерекелік спорттық шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, ерлік пен шыдамдылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасау.
Жарыс бағдарламасында қазақ күресі, қошқар көтеру, арқан тарту және гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері қамтылған. Әр сайыс бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Спорт додасы 25 қазан күні, сағат 11:00–14:00 аралығында "Мұз сарайы" спорт кешені жанындағы алаңда өтеді.