Түркістанда «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылды

0
1 153

Барлық ереже бұзушылықтар назардан тыс қалмайды.


Түркістанда «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылды

Түркістан қаласындағы «Сергек» бейнебақылау камералары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 24 ақпанында Түркістан қаласында 30 жылдамдық өлшегіш және 26 көше қиылысына орнатылған «Сергек» құрылғыларының іске қосылатыны айтылған еді. Сол бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылды.


Атап айтқанда, камералар Түркістан қаласындағы Тауке-хан, Саттарханов даңғылдарында, Қызылорда тас жолындағы "Газпром" АЗС тұсында, Кентау, Атабай, Балтакөл және Шымкент тас жолдарында, сонымен қатар, Жібек Жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С.Қожанов, Қарадауов, Мега орталығы тұсында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Тәуелсіздік 10 жылдық, Бірлік, ШектіТілеу, Әль-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарында орнатылған.


Енді көлігінің жарығы жағылмаған, қауіпсіздік белдігі тағылмаған, жылдамдықты асырған, қандай да бір жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайлардың барлығы бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалмайды.