Түркістанда су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр

0
2 554

Шаhар басшысы мердігерлерге бұл нысанның қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтып, жұмысты ширақ әрі сапалы орындауды тапсырды.


Түркістанда су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан қаласында су резервуарларының құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін шаhар басшысы Рашид Аюпов қаланы аралау барысында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іске асып жатқан су резервуары мен су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстарын бақылады. Б. Майлин көшесіндегі құрылысы жүріп жатқан жаңа су резервуарының құрылысы наурыз айында басталған. Нысан жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Шаhар басшысы мердігерлерге бұл нысанның қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтып, жұмысты ширақ әрі сапалы орындауды тапсырды.

Одан өзге, биыл наурыз айында Мақтазауыт аумағы, I және II шағынаудандарда, "Шавгар" мөлтек ауданы, сондай-ақ орталық су қоймасына екі дана қосымша сыйымдылығы 5000 м3 резервуарлардың құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса 6000-ға жуық абонент таза ауыз сумен қамтылады.

Қазіргі уақытта одан өзге Н. Төреқұлов көшесі бойындағы және Бірлік тұрғын үй массиві мен Яссы және Шавгар мөлтек аудандарында ауыз су құбырларының құрылысы, желілерді реконструкциялау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау жұмыстары әзірленуде. Бұл аумақтардағы абонент саны 3000-ға жуықтайды.

Қала әкімі Рашид Аюпов инфрақұрылым жұмыстарының жобаға және кестеге сай жасалуын тапсырып, жұмысты ширату қажеттігін айтты. Айта кетейік, іске асып жатқан жұмыстар "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан жүргізіліп жатыр.