Түркістанда «Талақ» фильмінің премьерасы өтті

0
163

«Шанхай» кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын кубокты» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған.


Түркістанда «Талақ» фильмінің премьерасы өтті

Түркістан қаласында «Талақ» фильмінің премьерасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстанға белгілі кинорежиссер Данияр Саламаттың жаңа туындысы көрерменге жол тартты. «Талақ» фильмі жақында өткен халықаралық «Шанхай» кинофестивалінің бас жүлдесі «Алтын кубокты» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған.


Фильмнің Түркістан қаласындағы алғашқы көрсетілімін облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов және зиялы қауым өкілдері киносүйер қауыммен бірге тамашалады. Шығармашылық ұжымға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Қазақ киносы күніне орай «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырған іс-шараға фильмнің режиссерімен қатар негізгі рөлдерді сомдаған актерлар Бейнұр Баймұхамедов, Алмат Есім те қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.


Айта кетейік, «Талақ» фильмі 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. Белгілі режиссер, драматург Данияр Саламат бұған дейін Еуразия кинофестивалінің лауреаты, Германияның Котбус қаласында өткен Шығыс Еуропа фильмдері кинофестивалінің арнайы жүлдесінің иегері атанған.