​ТҮРКІСТАНДА «VOICE OF TURAN – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

0
163


​ТҮРКІСТАНДА «VOICE OF TURAN – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ERNUR.KZ. Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі басталды.


Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған мәдени жобаға Франция, Испания, Италия, Бразилия, Мексика, Грузия, Армения, Қырғызстан және өзге де елдерден өнерпаздар қатысуда.

Фестивальдің басты мақсаты – қазақ ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттап, ұлттық музыканың әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын айқындау және Түркістанның түркі әлеміндегі рухани-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін кеңінен таныту.

Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында «Zhibek zholy әуендері» гала-концерті, «Жұлдызды жұп» кезеңі және «Қазақ әні» байқауы өтеді.

Сондай-ақ халықаралық өнерпаздар мен танымал қазақстандық әншілердің қатысуымен түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.

Фестиваль ұлттық өнерді дәріптеп, түрлі елдердің шығармашылық өкілдерін бір сахнада тоғыстыратын ірі мәдени алаңға айналмақ.