Түркістандағы «Түркі бағы» көркейіп жатыр

0
2 289

2017 жылы пайдалануға берілген.


Түркістандағы «Түркі бағы» көркейіп жатыр

Түркістан қаласындағы "Түркі бағында" абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған демалыс саябағы 2017 жылы пайдалануға берілген болатын. Ал биыл Б. Саттарханов даңғылы бойындағы Желілік саябақтың жалғасы ретінде және Түркістан қаласының облыс орталығы атануына, сондай-ақ саябақтың ескіруі ескеріле ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды.

Абаттандыру жұмыстары аясында қылқанды, жапырақты және қарағай сынды 1500-ден астам ағаш, 15 000 ш.м газон, жарық бағаналары, орындық, қоқыс жәшіктері мен 2 дана субұрқақ және спорттық балалар ойын алаңшасы орнатылады.

Одан өзге, "Рәміздер алаңы" мен "Гүлдер саябағында" да абаттандыру жұмыстары жүруде. Демалыс орны жуық арада пайдалануға беріледі.