Бұл – білім беру орталығын ашу мәселесін ілгерілетуге ықпал етеді.
Туризм және қонақжайлылық университеті ЮНВТО бекіткен алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мадридте БҰҰДүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) бас ассамблеясының 24-сессиясы өтті.Оған әлемнің 120 елінен 1000-нан астам делегат қатысты. Қазақстандық делегацияны ЮНВТО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі К.Жигалов басқарды.
Сессия барысында туризмді тұрақты қалпына келтіруге, білім беруге және ауылдық туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Ассамблеяда ұйымның бас хатшысын 2022-2025 жылдарға бекіту, ЮНВТО жарғылық органдарына кандидатураларды бекіту, 2023 жылы ЮНВТО ГА-ның келесі сессиясын өткізу орнын айқындау, ЮНВТО-ның өңірлік бөлімшелерін құру, Атқарушы кеңес мүшелерін сайлау және өзге де мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, ұйымның жаңа мүшесі ретінде Түркістан қаласының халықаралық туризм және меймандостық университетінің қосылуын ратификациялау маңызды оқиға болды. Осылайша, туризм және қонақжайлылық университеті ЮНВТО бекіткен алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды.
Айта кетсек, ЮНВТО-ға мүшелік кейіннен университет жанынан ЮНВТО білім беру орталығын ашу мәселесін ілгерілетуге ықпал етеді.