Түркістандағы заңсыз жарнамалар жойылып жатыр

0
405

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 460-шы бабы бойынша хаттама толтырылып, заңға сәйкес шара көріледі.


Түркістандағы заңсыз жарнамалар жойылып жатыр

Түркістандағы жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан шаһарындағы маңдайшалар мен жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі қаладағы кәсіптік нысандарды аралап, қадағалау жүргізуде.


Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, аралау нәтижесінде 530 нысанда заңсыз орнатылған жарнамалар анықталған. Оларға түсіндірме жүргізіліп, 234 нысанда жарнамалар заңға сәйкес жойылып, 62 маңдайша талап бойынша тіркеуге алынды.


Айта кетейік, ережеге сәйкес, ілінген жарнама, маңдайша немесе хабарлама иелеріне ескерту берілгеннен кейін 13 күн уақыт белгіленеді. Аталған мерзімде жарнама, маңдайша немесе хабарлама реттелмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 460-шы бабы бойынша хаттама толтырылып, заңға сәйкес шара көріледі.