Түркістандық әкім мердігерлерге ескерту жасады

0
782

Кемшілік кеткен тұстарын реттеуді тапсырды.


Түркістандық әкім мердігерлерге ескерту жасады

Түлкібас ауданының әкімі жаңадан салынып жатқан нысандарды тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт және мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев аудан аумағындағы іске асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, сапасын бақылады. Аудан әкімі жұмыс сапары барысында аудан орталығынан шалғай жатқан Сеславино ауылына барды. Елді мекен атауы берілген мектептің құрылыс жұмыстарын бақылап, кемшілік кеткен тұстарын реттеуді ескертті.


Өткен жылдан өтпелі болып іске асып жатқан мектепті қайта құрылымдау және қосымша 150 орындық ғимарат құрылысы бүгінгі таңда 90 пайызға жетіп отыр. Нысан жаңа оқу жылында беріледі деп күтілуде. Нұрлан Мархабатұлы мектеп аумағына қатысты біршама кемшіліктер айтып, жауапты мердігерге ретке келтіруді тапсырды.


Атап өтсек, құрылыс және адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан нысан құрылысы бекітілген мерзімге сай жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі қадағаланатын болды.