Әкім өз сөзінде: «Жастар жылында» жастардың барлық мәселесін шешуге тиіспіз», - деді.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Жастар жылында» атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекіту жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен ауданда Ұлт көшбасшысының болашаққа бек сеніммен қадам басқан бағдарламалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру, «Жастар жылында» атқарылар іс-шаралар жоспарын бекіту мақсатында алқалы жиын өтті. Жиында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сүндет Кенжебаев аудан орталығынан жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, түрлі мәдени іс-шараларды өткізулері үшін «Жастар аллеясы» мен жастар театрын ашу жөніндегі ұсынысымен бөлісті.
Өз кезегінде аудан басшысы Бақыт Насырханұлы оқу бітірген жастарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру, көп балалы жас отбасылардың баспана мәселелерін шешу, мамандығы жоқ жұмыссыздар арасында қысқа мерзімді оқыту мен қайта даярлау курстарын жандандыру сынды өзекті мәселелерді бірінші кезекте шешу керектігін айтып:
«Біз сіздерді әрқашанда қолдаймыз. Ел еңсесін көтеруге өз үлестеріңізді қосуларыңыз үшін сіздердің алар білімдеріңіздің сапалы болғаны маңызды. Елбасы тапсырмасын жүзеге асырып, сенімді ақтауларыңыз үшін аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердің жастарымен бірлесе жұмыс жүргізулеріңіз керек. Сіз бен біз жастар жылында жастардың барлық проблемаларын шешуге тиіспіз», - деді.
Сондай-ақ, аудан әкімі алдағы уақытта «Жастар ресурстық орталығын» қызметтік газель автокөлігімен қамтамасыз етуге уәде берді.