Түркістандық азамат қарт анасына қол көтерді (видео)

0
2 431

Видеосы желіге тарап кеткен.


Түркістандық азамат қарт анасына қол көтерді (видео)

Түркістандық тұрғын "Үйде ішкізбеймін!" деген анасына жұдырық ала жүгірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Танымал блогер, заңгер Айгүл Орынбек Түркістанда анасына қол көтерген тұрғынның вижеосын жариялады. оқиғаның видеосын жариялады. "Біз, мына түрімізбен қайда барамыз? Анасына қол көтерген деген не сұмдық", делінген Instagram-дағы kris_p_kuljinka парақшасына жүктелген бейнежазбада.

Бұл жағдайға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Facebook қолданушыларының бірінің парақшасында белгісіз ер адамның өзінің жақынын ұрған видео анықталды. Бұл факт бойынша Түркістан облысының ПД-ға ешкім арызбен жүгінген жоқ. Сонымен бірге, көрсетілген бейне материалға сәйкес, мониторинг тобы оқиғаның 2020 жылы 14 қазанда болғанын анықтады. Ер адам Орал қаласының тұрғыны болып шықты, ал кейуана мен келін - Түркістан қаласының тұрғындары. Көрсетілген адамдардың да, егде жастағы әйелдің де ешкімге талаптары жоқ және олар кез-келген мәлімдемеден бас тартты", -делінген хабарламада.