Партияішілік сайлауының дауыс беру кезеңі қыза түсті.
Шардаралық балықшылар да өз таңдауларын жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауының дауыс беру кезеңі қыза түсті. Белсенді дауыс бергендердің қатарында Шардара ауданындағы «Майқала» бастауыш партия ұйымы да бар. Сонымен бірге «Хамит» СПК партиялық тобының мүшелері де онлайн режимде таңдауларын жасады.
Осы ұйымға қарасты «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі ұжымы белсенділік таныта білді. Солардың қатарында бастауыш партия ұйымының мүшелері – Ғанижан Болатбекұлы мен Айгүл Керімбекова да бар. Бүгінде олар аудандағы ірі балық өңдеу кәсіпорынында еңбек етеді.
«Дауыс беру кезеңі 1 қазан күні түңгі 00:00-де басталды. Дауысымызды беруге ұжым болып кірісіп кеттік. Өйткені біз «Nur Otan» партиясының мүшесіміз. «Праймериз-2020» қосымшасын арнайы жүктеп алып, тіркеуден өткенбіз. Бүгін міне, ұжым болып, бір мезетте дауыс бердік. Жалпы, біз осы саяси науқанның әділ де, шыншыл әрі ашық өтетініне сенеміз», – дейді Ғанижан Болатбекұлы.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы, Шардара ауданы, «Майқала» бастауыш партия ұйымында – 290, «ХАМИТ» СПК партиялық тобында 7 партия мүшесі бар.