Түркістандық дәрігерлер ана мен баланы аман алып қалды

0
1 096

10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтіріп үлгерген.


Түркістандық дәрігерлер ана мен баланы аман алып қалды

Түркістан облысының дәрігерлері 39 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының дәрігерлері аяғы ауыр әйел мен оның сәбиінің өмірін өлімнен аман алып қалды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғыш перзентін жедел-жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанып алған. Медицина мамандарының айтуынша, шақалақтың кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туылған. Осы орайда облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтіріп үлгерген.

Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы жақсы, перзентханада дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр. Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы тұрғындардың шақыртуымен жедел көмекке шығады. Тәулігіне орташа есеппен екі мыңға жуық қоңырау түсіп жатыр. Келесі 20201 жылы аталған бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметінің қызметін одан әрі жетілдіру жолдары жоспарланып отыр. Аталған бастама іске асырылса, өңіріміздегі медицина бір қадам алға басар еді.