Түркістандық дәрігерлер азаматтарды екпе қабылдауға шақырды

0
439

"Вакцина салдырғандар індет жұққанның өзінде ауруды жеңіл өткізеді".


Түркістандық дәрігерлер азаматтарды екпе қабылдауға шақырды

Түркістандық эпидемиолог дәрігер вакцина адам денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Коронавирустық инфекциясына қарсы егіліп жатқан вакцина адам денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл керісінше індеттен құтылудың жалғыз жолы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидемиолог дәрігер Ләззат Наурызова мәлімдеді.


Оның айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде екпеге қарсы айтылып жүрген әңгімелердің барлығы ғылыми тұрғыдан қарағанда ешқандай қисынға келмейді.


«Ресми дерек бойынша өңірімізде ақпан айынан бері 582 407 адам І-компонентін қабылдаса, 545 444 адам ІІ компонентін салдырған. Осылардың ішінде вакцина салдырып, денсаулығы нашарлап кетіпті деген жағдай тіркелмеген. Вакцина салдырғандар індет жұққанның өзінде ауруды жеңіл өткізеді. Салдырмағандардың жағдайы қиын болатыны сөзсіз. Яғни, кейбір азаматтардың вакцина ектіруге қарсы айтып жүргендері дәлелсіз жалған ақпарат екенін айтқым келеді. Облысымыздың барлық тұрғындарын мұндай сөздерге сенбестен, жаппай епке қабылдауға шақырамын. Коронавирусты жұқтырып, ауруханаға түскендердің басым бөлігі вакцина алмағандар екенін атап өткім келеді», – деді Л.Наурызова.