Түркістандық дәрігерлер Түркияда біліктілігін арттырып жатыр

0
2 416

Дәрігерлердің біліктілігі – басты назарында.


Түркістандық дәрігерлер Түркияда біліктілігін арттырып жатыр

Түркістандық 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау.

Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталды. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болады.

Жиналған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр. Жалпы, өткен жылы Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.