Түркістандық депутат пен профессор халықаралыс сайыста чемпион атанды

0
403

Спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.


Түркістандық депутат пен профессор халықаралыс сайыста чемпион атанды

Түркістандық депутат пен профессор самбо күресінен Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтау қаласында 11-16 мамыр күндері спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионаты өтті. Алғаш рет жалауы түрілген жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп, бақ сынап, өзара шеберліктерін байқады. Бес күн бойы спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.


Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 58 келіде өнер көрсеткен Еркебұлан Ахатов, 72 келіде Ақбота Қыдырәлі, 80 келіде Ұлбосын Адилова алтын медаль иеленді.


71 келіде Нұрбек Нұрбаев пен 98 келіде Алмас Темірбай күміске, 44 келіде Ақжібек Ұзақбаева, 54 келіде Гүлназ Өмірбек, 72 келіде Адина Абақова, 98 келіде Нұрхан Жамалхан қолаға қол жеткізді. 3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының жас самбошылары 32 алтын, 23 күміс және 42 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.


Сондай-ақ, самбо күресінің спорт шеберлері мен құрметті ардагерлерінің арасында да тартысқа толы жекпе-жектер өтті. Өз жас және өз салмақ дәрежесіне қарай Түркістан қаласынан M-1 сайысында Нышанбай Құдайбергенов (Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры) бірінші орын иеленсе, М-4 дәрежесінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, самбо күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Әбдісадық Халилаев М-7 дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленді.