Түркістандық кәсіпкерлер экоакцияға үлес қосты

0
250

Шараға белсене қатысқандар мекемелерінің ауласында тазарту жұмыстарын атқарды.


Түркістандық кәсіпкерлер экоакцияға үлес қосты

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен өңір кәсіпкерлері сенбілік өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен өңір кәсіпкерлері сенбілік өткізді. Шараға белсене қатысқандар мекемелерінің ауласында тазарту жұмыстарын атқарды.


“Тұрғылықты жерді таза ұстау - әрбір тұрғын үшін маңызды болуы тиіс. Барлығымыз тазалық жұмыстарына мән берсек, өскелең ұрпаққа үлгі боларымыз анық”, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.


Сонымен қатар, облыс аймағындағы аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызылып, аула аумақтары абаттандырылды. Кәсіпкерлер «Тазалықты әр адам өз ауласынан бастау керек» деген пікірді қолдап, өзге өңір тұрғындарын да белсенділік танытуға шақырды.