Түркістандық қызметкер "Полиглот" байқауының жеңімпазы атанды

0
543

Байқау үш тілде өтті.


Түркістандық қызметкер

Азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында "Полиглот" атты республикалық байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында "Полиглот" атты республикалық байқау ұйымдастырды. Мақсат - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген сала қызметкерін анықтау.


Конкурсқа қатысушылар үш тілде – «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында 3 минуттық бейнеролик түсіріп, жергілікті БАҚ пен интернет-ресурстарда жариялау қажет. Сондай-ақ, А4 форматындағы екі парақтан тұратын мақала жазу керек.


Облыстық «Полиглот» байқауынан жеңімпаз атанып, Түркістан облысының намысын қорғаған Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақдаулет Асанхан Республикалық байқаудан 1-орынды жеңіп алып, Түркістанның абыройын асқақтатты.