Түркістандық мектептерге 232 млн. теңгеге айыппұл салынды

0
859

Мектепте дәретхананың сыртта орналасуы – әлі де өзекті мәселе.


Түркістандық мектептерге 232 млн. теңгеге айыппұл салынды

Түркістан облысының мектептеріне 232 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 946 мектеп бар. Білім беру объектілерінің санитарлық және техникалық жағдайы аудандық және қалалық басқармаларының жіті бақылауында. Асхана мәзірі, оқу кестесін дұрыс жоспарлау, таза ауыз су, жылу және жарықпен қамтамасыз ету сынды талаптар тексеру барысында назарға алынады.


2021-2022 оқу жылында 702 мектепке тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 232 млн теңгеге 614 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілген. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшіріліп, қалған нысандар бойынша шешімдер жақын арада қабылданбақ.


ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, балалар санының тығыздығын болдырмау үшін өңірде үш ауысымда оқытатын 11 мектептің бірі екі ауысымға ауыстырылды.


Айта кетейік, облыстағы 16 мектепте дәретхананың сыртта орналасуы – әлі де өзекті мәселе. Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл проблеманы жауапты мекемелер алдында көтеруде.