Апасының үйіндегі қорада қайтыс болған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түлкібастық жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
11 қазан күні сағат 18.00 шамасында Түлкібас ауданы, А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің 9 "В" сынып оқушысы (Әділбек Мейірман Әділбекұлы) өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болған. Састөбе ауылында тұратын оқушы Т.Рысқұлов көшесіндегі апасының үйіне барып, мал қораның ішінде суицидке барған.
Бұл туралы мәлімдеме жасаған Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі қаза болған оқушының отбасы жайлы ақпаратпен де бөлісті. Атап өтсек, марқұмның әкесі Асанов Әділбек біраз уақыт бұрын қайтыс болған. Ал, анасы Тілепбергенова Айымгүл мектеп жанындағы интернат есепшісі болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, марқұмның бір ағасы мен бір әпкесі бар.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп, анасына психологиялық қолдау жұмыстары көрсетіліп жатыр.