Түркістандық полицейлер "Ордабасы оқиғасымен" танысты

0
2 451

«Қажымұқан» музейі мен  “Данқ” мемориалында болды.


Түркістандық полицейлер

Түркістандық тәртіп сақшылары музей жәдігерлерімен танысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы АПБ жас мамандары Темірлан елді мекеніндегі «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді.

“Ордабасы биігінде 1726 жылы Орда тігіліп, жоңғар басқыншылығына қарсы қол жиналған. Бұл жиын қиын жағдайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан аса маңызды оқиға болып саналады”, - деді мұражай қызметкерлері.

Қазақ даласында орын алған тарихи оқиғалармен танысқан жас мамандар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында өткізілген мұндай жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.