6 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль олжалады.
Өзбекстанның Заравшан қаласында ашық чемпионат өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өзбекстанның Заравшан қаласында желкен спортынан Өзбекстан чемпионаты өтті. Сайысқа қатысқан Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ спортшылары қоржынға 10 жүлде түсірді. Атап айтсақ, 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль олжалады.
Сайысқа Өзбекстан мен Қазақстанның ең үздік спортшылары жиналды. Өз санаттары бойынша Азамат Қалдарбек, Богдан Рожанский, Заңғар Әбдірахман, Светлана Чурикова, Алишер Чехомов және Анатолий Чуриков алтын жүлдеге қол жеткізді. Растислав Дубовской мен Кристина Малахова күміс медаль алса, Никита Малахов пен Шодмонхуджа Эргашханов үшінші орынды еншіледі.
Командалық есепте екінші орынды Науаи облысының командасы еншілесе, үштікті Алматы облысының өрендері түйіндеді. Спортшылар жарысқа желкен спортынан Түркістан облысының бас бапкері Станислав Пичугин мен жоғарғы дәрежелі бапкер Илья Даниловтың басшылығымен дайындалды.