Түркістандық түлек 140 балл жинады

0
1 460

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні ең жоғары 140 балл тіркелді.


Түркістандық түлек 140 балл жинады

фото: sputniknews.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Адилжанұлы ең жоғары 140 балл жинады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бойынша 20-24 маусым аралығында жалпы саны – 13854 түлек ҰБТ тапсырды. Облыс бойынша 9 түлек 135-137 балл аралығында жинады.

Айта кетейік, облыс бойынша 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Оның 16376-сы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Айта кетейік, тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алмады. Барлық мектеп бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Облыста 15 ҰБТ өткізу пункті бар. 16 онлайн трансляцияға үлкен экрандар орнатылған. ҰБТ өткізу пунктеріне түлектерді тасымалдау, жатын орындарын дайындау және тамақтандыру басқарма тарапынан қамтамасыз етіліп отыр. Қазіргі таңда 100 балдан жоғары жинағандар – 766 (20,9%) оқушы. Бүгін 21 маусымда 4 ауданда өткізілуде. Оған 1914 бала қатысып жатыр