Түркістандық тұрғын авточехол өндіріп жатыр

0
2 187

505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған.


Түркістандық тұрғын авточехол өндіріп жатыр

Арыс қаласының тұрғыны авточехол өндіретін цех ашты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны Жанна Мақсұтқызы көлік орындықтарына арналған жабу тігіп, өз ісін өркендетіп отыр. Жас кәсіпкер 2019 жылы Мемлекеттік бағдарлама аясында 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Тиісінше қолда бар қаражатқа «JAAC» тігін машинасын сатып алған.

Жиырма жастағы арыстық кәсіпкердің айтуынша, авточехол тігу ісін бастауды біраздан бері жоспарлап келген. Ол ісмерлік қиын болып көрінгенімен, көңіл қалаған іспен айналысу қандай мамандық болмасын жалықтырмайтынын айтады.

Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс едәуір артқан. Кәсіпкер қыз қазіргі таңда 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ол алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздеп қойыпты.

Айта кетейік, бүгінде Түркістандық тұрғындар жеке кәсіпкерлікке ден қойып, мемлекет тарапынан қарастырылған мұмкіндіктерді тиімді пайдаланып жатыр.