Түркістандық тұрғындардың 98,9 %-ы ауыз сумен қамтылған

0
776

Облыс орталығын газдандыру ісі 11 кезеңмен жүзеге асырылуда.


Түркістандық тұрғындардың 98,9 %-ы ауыз сумен қамтылған

Түркістан қаласында 7 мыңнан астам абонент табиғи газға қол жеткізген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда орналасқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап өтсек, облыс орталығын газдандыру ісі 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін шаһарды көгілдір отынмен қамтитын 7 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Түркістанда 7 262 абонент табиғи газға қол жеткізді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткішті 50% -ға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, халық арасында табиғи газды қосуға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, бүгінде облыс орталығының 170,028 тұрғыны (98,9%) орталықтандырылған су жүйесімен жабдықталған. Еліміздің рухани астанасына сапалы ауыз су магистралды су жүйелері арқылы Кентау қаласынан жеткізіледі.

Мұнымен қоса, Кентау қаласынан Түркістан қаласының су қоймасына дейінгі магистральдық су құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жоба аясында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен 5 су ұңғымасын бұрғылау қарастырылған. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Түркістанда орталық қазандық қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижелі жұмыстың арқасында жылыту маусымында 87 көпқабатты тұрғын үй, 60 коммерциялық нысан және 28 бюджеттік мекеме тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз етілетін болады.