Бұл – әлем педагогикасындағы ең беделді әрі инновациялық идеялар талқыланатын кәсіби алаңдардың бірі.
Түркістандық ұстаздар Жапонияда өткен халықаралық конференцияда өз зерттеулерін таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жапонияның Хиросима қаласында The World Association of Lesson Studies (WALS 2025) халықаралық конференциясында білім саласының үздік зерттеулері таныстырылды. Бұл – әлем педагогикасындағы ең беделді әрі инновациялық идеялар талқыланатын кәсіби алаңдардың бірі.
Түркістан облысы Сауран ауданының Ә.Сығай атындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елубай Гүлсім Алтайқызы мен география пәні мұғалімі Арипжанова Айнур Жоянқызы, Түркістан қалалық №32 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атабек Арслан Шыңғысұлы өз зерттеу жұмыстарын ұсынып, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер конференция ұйымдастырушыларының арнайы іріктеуінен өтіп, постерлер мен таныстырылымдарын ұсынды. Шетелдік ұстаздармен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін көтерді.
Конференция бағдарламасына қазақстандық педагогтердың 249 баяндамасы енгізілген. Бұл – қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.


