Сабақтан тыс уақытта бүлдіршіндер домбыра, би, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді үйірмелерге қатысып, ой өрісін дамытатын істермен айналысады.
Түркістанда профессор Құлбек Ергөбектің зияткерлік бастауыш мектебі жұмыс жасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Биылғы жаңа оқу жылында іске қосылған білім ошағы 200 балаға лайықталған. Мұнда балалар қазақ және орыс топтарына қабылданыпты. Ал, ұстаздар ішінде арнайы Елордадан келіп жұмыс жасап жатқандар да бар.
Мектептегі басты ерекшелік 1 және 4 сынып оқушылары білім мен қатар ұлттық тәлім-тәрбие ала алады. Ағылшын, латын әліпбиі тереңдетіліп оқытылады.
Сабақтан тыс уақытта бүлдіршіндер домбыра, би, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді үйірмелерге қатысып, ой өрісін дамытатын істермен айналысады.
Жазушы мектеп ашу жұмыстарына мемлекеттен 46 млн теңге қаржы алған. Кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп ішін қажетті құрылғылармен жабдықтаған.
Балалардың ой өрісін дамыту үшін, олардың ұлттық болмысын күшейту үшін, алдымызға жоспар құрдық. Алдымен бастауыш сынып аштық.Оқушылар саны алдағы уақытта көбейе түседі деген ойдамыз - дейді мектеп директорыБ.Адырбек.