Түркістандық жігіт анасына донор болып, бауыр трансплантациясы сәтті өтті

0
94

Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті.


Түркістандық жігіт анасына донор болып, бауыр трансплантациясы сәтті өтті

Түркістандық жігіт анасына донор болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты.


Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық холангит (АМА-негативті түрі), бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (1–2 дәрежелі), бауыр энцефалопатиясы (2–3 саты).


Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының нашарлай түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.


Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.


Ота А.Сызғанов атындағы ҰҒХО және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бірлескен командасымен өткізілді. Хирургтар: Б. Баймаханов, М. Досханов, Ж.Оспан. Анестезиологтар: Т.Қуандыков, В.Мутагиров


Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.


Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы. Бұл маңызды оқиға өңірде трансплантология саласының дамуына жаңа серпін беріп, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.

Бөлісу