Түркістандық жігіт халықаралық сайыста 120 келілік тайыншаны 20 рет көтерген

0
1 174

Түркістандық палуан халықаралық додада «Толағай сұлтан» атанды.


Түркістандық жігіт халықаралық сайыста 120 келілік тайыншаны 20 рет көтерген

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында «Толағай сұлтан-2019» Халықаралық спорттық-шығармашылық сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әр жыл сайын облыс көлемінде ғана өтетін «Толағай сұлтан» сайысы биыл Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің әр облысы мен Моңғолия мемлекетінен жалпы 23 білекті де білімді, әрі өнерлі жігіттер бақ сынасқан. Сондай-ақ, екі күнге созылған жарыста жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, қол күрес, өзін таныстыру және өнер, сұрақ-жауап сынды 8 түрлі сайыс өткен. Атап айтсақ, алғашқы күні спорттық сайыста білек күші сыналса, екінші күні спортшылардың білімі мен ой өрісі сынға түсіп, өнерлерін ортаға салды.

Осы сайыста Түркістан облысының намысын Созақ ауданының тумасы Әкбар Елубайұлы қорғап, қазақ күресінен бірінші орын алды. Сонымен қатар, дүбірлі додада 120 келілік тайыншаны 20 рет көтеріп, жиылған жұртты тәнті еткен балуан сұрақ-жауап сайысында да білімі мен білігінің жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ, барлық сайыс нәтижесі бойынша түркістандық жігіт «Толағай сұлтан-2019» халықаралық спорттық-шығармашылық сайысында 1 орын алып, 1 000 000 млн. теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.