«Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті

0
876

Кітаптың авторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсұн Хазретәлі Маханұлы.


«Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті

Түркістан облыстық «Farab» әмбебеп ғылыми кітапханасында «Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Тәуеліздігінің 30 жылдығына арналған «Тарихи тұлғатануға олжа салған еңбек» атты іс-шараны аталған кітапхана ұжымы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» кафедрасы бірлесіп өткізді.


Кітаптың авторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсұн Хазретәлі Маханұлы. Сонымен бірге рухани кеште тарихшының еңбектері мен зерттеулері топтастырылған кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.


Кітаптың таныстырылымына белгілі тарихшылар мен дінтанушылар, профессорлар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Досай Кенжетай, Сейдулла Садықов, Зікірия Жандарбек, Мұхтар Қожа, Бекжігіт Сердалы Серік Ыдырыс және тағы басқа ел азаматтары қатысты.


Сонымен бірге Түркістан қаласының әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы мен Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова да қатысып, тарихшының еңбегін жоғары бағалады.


«Түркістанның текті тұлғалары» атты кітабында Түркістаннан шыққан қайраткерлер мен елдің ардақты азаматтары туралы зерттеулер енгізілген. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.