Құрамында бүгінге дейін 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік етеді.
Түріксой Түркістан төрінде концерт береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында өткен брифингте ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов айтып өтті.
Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан қаласының әкімдігі және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының демеушілігімен Түркістан қаласында он күн бойы дайындық жүргізген ұжым 2019 жылдың 27 қыркүйек күні Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет орталығындағы концертте түркістандық көрермендер алдында алғаш рет өнер көрсетеді.
Бұдан соң концерттік турне Қазақстанның Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзірбайжанның Баку қаласында жалғасады.
Құрамында бүгінге дейін 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзірбайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік етеді.
Айта кетейік, 27 тамыз – 9 қыркүйек аралығында ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің Қазақстан, Қырғызстан және Әзірбайжанда өтетін, жалпы саны 7 концерттен тұратын концерттік турнесінің дайындық мерзімі басталды. Су жаңа репертуармен өнерсүйер қауымның алдына шығатын жас таланттардың алғашқы концерті Қазақстанның көне шахары Түркістанда өтеді.