Қылмыстық топ 6 адамнан тұрады
иллюстрациялық фото: Ашақ дереккөз
ERNUR.KZ. Түркістан облысында бопсалаушылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылыққа қатысы бар күдікті 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Ұсталғандар жәбірленушілерден ақша бопсалаған Түркістан облысы, Шымкент және Астана қаласының тұрғындары болып шыққан. Қылмыстық топ автокөліктерді иелену мақсатымен бірнеше бопсалау жайттарына қатысы екені белгілі болды.
Атап айтсақ, 2015 жылғы ақпанда қылмыстық топ мүшелері Мақтарал ауданының тұрғынына күш көрсетіп, қарыз ақшасын қайтарып беру керек деген сылтаумен ақша талап еткен. Олар жәбірленушіні қала сыртына апарып, күштеп «БМВ» көлігін ақшаға қайтарып береміз деп алып қойған, ал бір айдан кейін тағы бір «ВАЗ» автокөлігін алып, артынан сатып жіберген.
Одан әрі сол жылдың шілде айында қылмыстық топ осылайша ақшаны бопсалап алған Шымкент қаласының тұрғынына шабуылдаған. Күдіктілер жәбірленушіні ұрып-соғып, қарумен жарақаттаған, содан «Ауди» көлігін алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған жайттар ҚР ҚК бірнеше баптарымен, соның ішінде «бопсалаушылық», «адам ұрлау» және т.б. СДТБТ-не тіркелген.
Үш жыл бойы Түркістан облысының полицейлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сәтті жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылардың ізіне түсіп, қамауға алынды.
Қазіргі таңда Түркістан облысы ІІД Тергеу басқармасы күдіктіге қатысты жиналған материалдармен және айыптау актісімен сотқа жолданған.