Ер адамды бір топ жігіт өлтіріп кеткен

0
1 312

30 жастағы ер адам қылмыс жасап, сотты болған екен, соңғы жазасын өтеп, бір жылға жуық уақыт бұрын оралған.


Ер адамды бір топ жігіт өлтіріп кеткен

Шымкентте Созақтың үш тұрғынына қатысты тергеу аяқталды, олар өз көршісін атып өлтірген, - деп ERNUR.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы ер адам қылмыс жасап, сотты болған екен, соңғы жазасын өтеп, бір жылға жуық уақыт бұрын оралған. Осыдан кейін ол жергілікті тұрғындардың мазасын алып, ұрып-соғып, көңіліне жақпағандарды травматикалық қарудан оқ атқан. Жергілікті тұрғындар мұнысына шыдамай полицияға хабарласпай, өз беттерімен жазалауды ұйғарған. 2018 жылдың 1 мамырында үш жігіт қаруланып, оны атып өлтірген. Үшеуі де сол күні полицияға өзі барып берілген.