Жайлаудан жылқы ұрлаған ұры ұсталды

0
2 967

Көп жағдайда мал ұрылары тұрғындардың ұқыпсыздығын пайдаланады


Жайлаудан жылқы ұрлаған ұры ұсталды

иллюстрациялық фото: voxpopuli.kz

ERNUR.KZ. Төлеби ауданының полицейлері жайлаудан жылқы ұрлаған мал ұрысын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Төлеби АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда түнде белгісіз тұлғалар жайлаудан жылқысын ұрлады деп көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 350 мың теңгеден асып отыр. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Төлеби АІІБ полицейлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Тәжірбиелер көрсеткендей, көп жағдайда мал ұрылары жайлаудан малды қараусыз қалдырып кеткен тұрғындардың ұқыпсыздығын пайдаланып, алып кетіп отырған. Малы жоғалған иелер уақытылы полиция көмегіне жүгінбей өз беттерінше ізденеді.