​Жас кәсіпкер несиенің 85 пайызға дейінгі мөлшерде қор кепілдемесін ала алады

0
2 073

«Даму» қоры 20 жылдан астам уақыттан бері шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып келеді.


​Жас кәсіпкер несиенің 85 пайызға дейінгі мөлшерде қор кепілдемесін ала алады

Түркістан облыстықөңірлік коммуникацияларқызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ОҚОбойынша аймақтық филиалының директоры Жамбыл Қалдаров қордың үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Даму» қоры20 жылдан астам уақыттан бері шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып келеді. Қордың аймақтық желісі барлық облыс орталықтарында және де Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы филиалдары жұмыс жасауда. Сонымен бірге қор өкілдері Семей қаласы мен Түркістан шаһарында да орналасқан.

«Қордың жүзеге асырып келе жатқан басты бағдарламаларыныңбірі ол - «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты - кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдаудың географиялық жарияланымын кеңейту, соның ішінде барлық моноқалалар мен ауылдарды қамту болып отыр.Бағдарлама шеңберінде «Даму» қоры арқылы негізгі несиені субцидиялау мен кепілдендіру бойынша екі жоба жүзеге асырылады», - дедіЖамбыл Қаныбекұлы.

Осы жылдың 11 айында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аймағында несиенің 10,383 млрд. теңге болатын жалпы сомасына 73 субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылған. Ал, екінші деңгейлі банктерде қаржыландыру кезінде кепілдік қамсыздандырудың жетіспеушілігі жағдайында бағдарлама аясында кәсіпкер «Даму» қорының кепілдемесін де пайдалана алады. Яғни, әрекет етуші кәсіпкер банктен несие құнының 50 пайыз мөлшерінде несие алу мүмкіндігіне ие боламақ. Жас кәсіпкер несие сомасынан 85 пайызға дейінгі мөлшерде қор кепілдемесін ала алады.