Жертөлесінде 8 келіден астам есірткі сақтаған түркістандық тұрғын ұсталды

0
1 158

Түркістан облысы полицейлері күдіктінің аса ірі мөлшердегі есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.


Жертөлесінде 8 келіден астам есірткі сақтаған түркістандық тұрғын ұсталды

Түркістан қаласында үйінде 8 келіден астам есірткі заттарын жасырып келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласы полиция басқармасына хабарлама кеп түскен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғынын қолға түсірген. Құрықталған күдіктінің үйін тінту барысында жертөледен жасырылған сегіз келіден астам есірткі заттары табылған. Тағайындалған есірткі құралдарды, психотроптық заттарды, аналогтарды және прекурсорларды сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, пакеттермен ұсынылған есірткі құралы – «марихуана» болып шыққан.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы полицейлері күдіктінің аса ірі мөлшердегі есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтайтын болады.

"Көкнәр" іс-шарасы өткізілгелі бері Түркістан облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және қала, аудандық полиция құрылымдарының қызметкерлерімен 5 тоннадай есірткі заты алынып, оның ішінде 3 кг-нан астамы героин, 9 кг-нан астам гашиш тәркіленген", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында басталған «Көкнәр-2019» іс-шарасы қазан айының 1-не дейін жалғасады.