Қиярдан МОЛ өнім алу үшін АЙРАН "БЕРУ" керек

0
12 522

Қиярға нендей қорек жетіспейтінін оңай білу жолдары және тыңайтқыштарды қолдан жасауға болады?


Қиярдан МОЛ өнім алу үшін АЙРАН

Қияр – өте көп пайдаланылатын көкөністердің бірі. Сондықтан оны өсіруге талпынатындар өте көп. Қиярды өсірудің де өз қиындықтары жетерлік. Дегенмен ерінбеген, ебін тапқан жандар мұндай қиындықтарды оп-оңай еңсеретіні сөзсіз. Біздің де кеңестеріміз керектеріңізге жарайды, қосымша көмек болады деген үміттеміз.


Қиярға қажетті пайдалы заттардың жетіспеушілігі уақытша және созылмалы болуы мүмкін.

  • Уақытша – ол қияр көшеттерін еккен соң немесе күннің бірден салқындап кетуінен орын алады.
  • Созылмалы түрі – ол топырақтағы қажетті микроэлементтердің жеткіліксіздігінен болады.


Қиярға қандай пайдалы элементтің жетіспей тұрғанын сыртқы түріне қарап-ақ білуге болады.

  • Қиярдың жапырағы жасыл түсін жоғалтып сарғая бастайды немесе біртіндеп сола бастайды. Мұндай көрініс көкөніске темір, магний, бор, марганец секілді қажетті минералдардың жетіспеуінен болады.
  • Егер қиярдың өскіндері қатты болып, жапырақтар ақшыл түске ене бастаса және өнім ұсақ, бірақ тез пісіп кетіп жатса, онда оған азот жетіспейді.
  • Қиярдың негізгі діні жіңішке, жапырақтары майда және шеттері қайрылып тұрса, күлгін түсті дақтар пайда болса, өсуі тежелсе, онда бұл – фосфор жетіспеушілігінен болады.
  • Жапырақтарда күйген секілді дақтар пайда болады, артынан сарғайып түсе бастайды. Сондай-ақ жаңа шыққан жапырақтар да ашық түске енеді. Ал қияр ішінде қарақоңыр сызықтар пайда болады. Бұл калий жетіспеушілігі.
  • Егер қиярдың жоғарғы жағындағы жапырақтары сарғая бастаса, жаңа жапырақтар өзгеріске ұшыраса, түйнектердің жоғарғы жағы шіри бастаса, онда оған калций жетіспейді.
  • Қияр жапырақтары ақшыл түстенеді, ал жапырақтар өте ұсақ болып, өскіндер әлсізденеді. Ал гүлдері түйнемей жатып түсе бастайды. Бұл мыстың жетіспеушілігін көрсетеді. Көп ретте шым тезекті топырақта мыс аз болады.


ШЕШІМІ: Жоғарыдағы жағдайлардың шешімі, өнімге сай келетін, қажетті азотты немесе фосфорлы, т.б тыңайтқыштармен қоректендіру.


  • Егер жапырақтар бұралып, ал қиярдың пішіні алмұрт тәрізденіп кетсе онда көкөністі калций, бор, мыс қоспалы тыңайтқышпен қоректендіру керек.
  • Сонымен қатар өнім өте ұсақ әрі су татып тұрса, онда топырақтың қышқылдылығы артқаны.

Шешімі: Мұндай жағдайда 10л суға 1 стақан күл салып араластырып, суғару керек.


  • Қияр биіктеп өспейді, алайда айналасында майда өскіндер көбейіп, бұталы болып кетеді. Егер көкөніс көшетінде осындай белгілер байқалса, онда бұл бордың жетіспеушілігі.
  • Егер қиярдың пішіні сәбіз секілді болса, онда топыраққа азот жетіспейді. Сондай-ақ азоттың жетіспеуін өсімдіктің өте баяу өсуінен, сабақтарының әлсіздігі мен жапырақтардың ашық-жасыл түсте болуынан білуге болады.

Шешімі: Мұндай кемшілікті құс саңғырығын 1:25 мөлшерде сумен араластырып, қиярды суғару арқылы жоюға болады.


Назарға алыңыз: Егер көкөніске азотты шектен тыс беретін болсаңыз, онда өсімдіктің өсуі қарқын алады, жапырақтары үлкейе түседі, бірақ гүлдеуі мен өнім беруі кешігеді.


Қиярдан мол өнім алу үшін халық арасында кеңінен қолданылатын тәжірибеден өткен тәсілдер:

  • Қияр жапырақтары сарғая бастағанда. Мұндай кезде 2 литр айран немесе ашыған сүтті 10 литр суға араластырып, сарғайған жапырақтарға бүркіп шығу керек.
  • Сондай-ақ өсімдіктің жапырағын сарғаюдан наннан жасалған тұнба да құтқара алады. Нан тұнбасын жасау өте оңай. Ол үшін қатқан нан да жарайды. Шелекті суға толытырып 1 бөлке немесе 2 тандыр нан салып қою керек. Ал таңертең жібіген нанды жақсылап араластырып, қоспаны сүзіп алу қажет. Үстіне 30 тамшы йод тамызып араластырамыз. Дайын қоспаның 1 литрін 10 литр суға араластырып, әр қиярдың түбіне 0,5 литрден құйып шығу керек.
  • Қиярдың жапырақтары мен өнімінің сарғайып кетуінен ас содасымен суғаруда жақсы құтқарады. Ол үшін 1 шелек суға 1 ас қасық ас содасын араластырып суғару керек. Тек ас содасымен суғару маусымына 3 рет қана жасалады (шілде айының басы мен аяғында және тамыз айының орта кезінде, әрине уақыт климатқа қарай шамалы ары-бері жылжуы мүмкін), яғни гүлдеп бастағанда, түйнектегенде және піскен кезде. Ас содасымен суғару кейбір аурулардан да сақтайды.
  • Егер қияр өте баяу өссе, онда оны ашытқымен суғарып көріңіз. Ол үшін 1 ас қасық құрғақ ашытқыны 10 литр жылы суға араластырып, 2 ас қасық қант қосыңыз. Қоспаны 3 күн бойы қараңғы жерге қоямыз. 1 литр қоспаны 10 литр суға араластырып, әр түпке 0,5 л құю керек.


Ескеру: Қиярды ашытқымен суғару үшін топырақ жақсы қызған болуы керек. Сондай-ақ бұл тыңайтқышты жиі пайдалануға болмайды, маусымына 2-3 рет жеткілікті.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Шымкенттік жігіт көшет егіп берумен-ақ отбасын асырап отыр


ҮТІКТІ тазалауға ПАРАЦЕТАМОЛ жақсы көмектеседі