МАЙ ЖЕМЕЙТІН адамдарда қандай проблема болуы мүмкін?

0
1 629

Холестериннен қандай қауіп бар?


МАЙ ЖЕМЕЙТІН адамдарда қандай проблема болуы мүмкін?

Холестерин адам ағзасына өте қажет, бірақ оның мөлшерден көп болуы зиянды. Сондай-ақ қалыптан айнуы да, төмендеуі де қауіпті. Холестерин – майға ұқсас нәрсе. Ол ағзадағы барлық жасуша жарғақшаларының құрамына кіреді. Холестериннен көптеген гормондар түзіледі. Шамамен 80 пайыз холестерин ағзаның өзінен өндіріледі, ал қалған 20 пайызы азықтан келеді.

Төмен тығыздықтағы холестерин қан құрамында көбейіп кетсе онда атресклероз туындайды.Ол тамырдың ішкі қабырға қабықшаларын зақымдайды, сол жерге жиналып, нәтижесінде атеросклероз түйіншектері түзіледі. Кейін олар быламыққа айналып тамырды бітеп тастайды. Холестериннің қан құрамында көп болуы жүрек ауруына себеп болады. Біздің ағзамызда холестерин шамамен 200 граммдай және оның көп бөлігі жүйке талшықтары мен мида болады.

Ғалымдар холестеринді «жақсы» және «жаман» деп бекіткен. Бұрын атеросклероз тек холестериннің жоғарылауынан болады деп есептелген. Алайда кейін ауруға себеп болатын басқа да бірнеше факторлар анықталған. Сондықтан атеросклероздың алдын алу үшін тек қана «жаман» холестерин деңгейін төмендету жеткіліксіз. «Жақсы» холестеринді қажетті деңгейде ұстау, ішкі ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне кепіл болады.

Күн сайын адамның ағзасы 1 ден 5 грамға дейін холестеринді синтездейді. Холестериннің ең үлкен бөлігін (80 пайыз) бауыр синтездесе, кейбір бөліктер ағза жасушаларымен өндіріледі және тамақпен келеді.

Холестерин бауырда өт қышқылдарын түзеді. Бұл қышқылдар аш ішектегі майларды сору үшін қажет. Бұл үшін күнделікті ағзада түзілген холестериннің 60-80 пайызы кетіп отырады. Ал аз ғана бөлігі, шамамен 2-4 пайызы стероидты гармондарға, қалғаны теріде ылғалды ұстап тұруүшін жұмсалады.

Ер азаматтардың көпшілігі холестеринсіз азық тұтынуға бейім. Ал ол жыныстық белсенділікке кері әсер етеді. Әйелдерде көп жағдайда етеккір тоқтауына алып келеді. Ал голландиялық дәрігерлер холестериннің аз болуы рухани дертке ұшыратады деген пікірде. Мамандар күйзеліске түскен жандарға қандағы холестерин мөлшерін тексертуді ұсынады.

Күнделікті тамақтану рационында майдың көлемі 40-50 процентті құрайтын жандардың қанының құрамында «жақсы» және «жаман» холестериннің байланысы қалыпты, жақсы болған. Ал май жемейтін адамдардың қанында холестерин мөлшері және тамырды атеросклероздан қорғайтын пайдалы формасы да төмендеп кетеді. Жақсы және жаман холестериннің бір-біріне қатынасы тең дәрежеде болғаны маңызды.


Холестериннің қандағы қалыпты мөлшері

  • Жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л-ден төмен болуы тиіс
  • Аз тығыздықтағы холестерин – 3-3,5 ммоль/л – ден төмен
  • Жоғары тығыздықтағы холестерин – 1,0 ммоль/-ден жоғары
  • Триглицерид – 2,0 ммоль/л- ден төмен


Холестеринді төмендету үшін

«Жаман» холестеринді өндіретін азықтардан бас тарту жеткіліксіз. Ол үшін әрдайым дұрыс тамақтану қажет.

Пайдалы холестерин майлы балықта, мысалы, тунец немесе скумбрияда бар. Сол үшін аптасына 2 рет 100г балық жеп тұруға тырысу керек. Бұл қан құрамында тромб түзілуінен сақтайды.

Жаңғақтар – бұл өте майлы тағам. Бірақ әр жаңғақта ағза үшін пайдалы майлар бар. Аптасына 5 күн, күніне 30г жаңғақ жеу ұсынылады. Тек қана грек немесе орман жаңғағы ғана емес, кешью, бадам, кедр жаңғақтарын да тұтыну керек. Сондай-ақ «жақсы» холестериннің мөлшерін пісте, күнжіт және зығыр дәндері көтереді. 30г жаңғағын жеу үшін7 грек жаңғағын немесе 22 дана бадам, болмаса 18 дана кещью жетеді.

Өсімдік майынан зәйтүн, зығыр, соя, күнжітті тұтынған жөн. Өсімдік майларын қуыруға көп пайдаланбау керек. Мүмкіндігінше дайын тағамның үстіне құйып жеген дұрыс.


Ағзадағы «жаман» холестеринді шығару

Ағзадан холестеринді шығаруда шырын терапиясын қолданған жөн. Әсіресе апельсин, ананас және грейпфрут, алама шырындарын сығып ішу қажет. Кез келген жидек шырыны да пайдалы. Ал көкөніс шырындарынан қызылша мен сәбіз өте жақсы әсер етеді. Егер бауырыңыз дұрыс жұмыс істемесе, онда шырынды 1 шай қасықтан ішіп бастаңыз.

Холестерин көбейіп кеткен кезде көк шайдың да пайдасы көп. Көк шай «жаман» холестеринді түсіріп, «жақсысын» көтереді.

Сондай-ақ холестерин деңгейін төмендету үшін минералды суды пайдалануға болады. Тек ол үшін дәрігермен кеңесіп алған жөн.


Сарымай, жұмыртқа қандағы холестеринді айтарлықтай жоғарылатады. Сондықтан, ондай азықтардан бас тарту ұсынылған. Бірақ қазіргі зерттеулер кері жағдайды көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда егер холестерин көбейеді деп, ол азықтардан бас тартқан жағдайда бауырға қажетті тағам жетпейді. Сөйтіп холестерин ағзада өздігінен көбейіп, өндіріле бастайды.

Холестеринді қажетті деңгейде ұстау үшін бірінші кезекте баяу еритін майлардан бас тарту керек. Ол үшін сарымай, ірімшік, кілегей, қаймақты шектеу қажет. Сондай-ақ құс етінің сыртқы майлы қабатын алып тастаған жөн. Онда холестериннің мол көзі бар.

Еттен сорпа дайындаған кезде сәл суытып қойып бетіндегі майын алып тастау керек. Бұл май «жаман» холестеринді көбейтеді.


Қызықты: Британдық ғалымдардың мәлімдеуінше адамдардың 30 пайызында «жақсы» холестерин мөлшерін ұлғайтатын ген болады екен. Ол генді ояту үшін бар болғаны 4-5 сағат сайын бір уақытта тамақтану қажет.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.