​Монша туралы барлық шындықты білесіз бе?

0
7 947

Жаздың аптапты ыстығы басылып, күздің қоңыр салқыны есіп, қыстың қаһары сезілген кезде себезгінің уақыты өтіп, монша кезеңі басталады.


​Монша туралы барлық шындықты білесіз бе?

Монша – адам жуынуы үшін арнайы жабдықталған орын. «Монша» сөзі грек тілінен аударғанда « ауруды қуамын» деген мағынаны білдіреді екен. Ол сергектіктің таптырмас көзі және белгілі бір дәрежеде «емдік құрал» болып есептеледі. Сондай-ақ жүйке жұмысын нығайтады, үйқыны қалыпқа түсіреді және зат алмасуды жақсартады, шаршағанды басады. Бұдан басқа ауыр салмақтан жеңілдеудің өте бір қарапайым да жеңіл түрі.

Ал енді сол жуынып, тазалану мен түрлі аурудың емдік құралы бола алатын орынды, яғни моншаны қалай тазартып тұру керектігінен хабардар болғыңыз келе ме? Адам таза болу үшін, жуынатын орнының да таза тұрғаны жөн.

Қазіргі кезде моншаны құрылыс материалдарының кең ауқымына орай, әртүрліқаптамалармен қаптап, түрліше етіп жасайды. Сондықтан да моншаны немен, қалай, қайтіп тазалау керектігі жөнінде қарапайым жалпы ережелерді қажетке жаратарсыз.


  • Ең алдымен аптасына бір рет монша ішін құрамында микробтарды жоюға арналған қоспасы бар арнайы сұйықтықтармен және торлардың арасы зеңдемес үшін, киімді ағарту үшін қолданылатын құралдармен тазалап отыру қажет. Тек мұндай тазартуданкейін міндетті түрде монша ішін 5-6 мәрте қайталап шаю керек.
  • Ал әрбір шомылудан кейін едендегі ағаш торларды көтеріп қою қажет. Есіктерін ашып ішті желдетіп кептіріп алу керек. Бұл қандай да бір бактериялардың көбеюін азайтады.
  • Ал жылына бір рет төмендегі тәртіппен тазалаңыз.
  • Моншадағы барлық артық заттарды (ожау, төсеніш/ коврик, арнайы монша сыпырғысы т.б) шығарып, барлығын өз алдына бөлек жуып алыңыз.


Егер моншаның іші толығымен ағашпен қапталған болса, ондағы күйе мен қақталған ысты тазартуда кір сабын мен суды пайдаланудан аулақ болған жөн. Себебі ағаш ылғалды сіңіргіш материал болғандықтан, ағаш бетіне тұрған барлық ыс пен денеден бөлінген кірлер т.б нәрселер сумен бірге сіңіп кетіп, оны тазарту қиындық тудырады.

Алдымен ыс пен күйені дерлік сыпырғымен жоғарыдан төмен қарай сыпырып немесе құрғақ шүберекпен сүртіп тазартып алу керек. Міне содан кейін ғана ұнтақ немесе ыдыс жуатын сұйықтықты қайта-қайта суды алмастыра отырып, жуып шығу керек. Артынан құбыршек (шланг) арқылы аздаған су қысымымен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіп шыққан жөн.

Уақыт пен күш-қуатты үнемдеу үшін қазіргі кезде моншаны тазалайтын көптеген химиялық құралдардыдүкен сөрелері мен базарлардан қолжетімді бағада алуға болады. Тек мұндай жағдайда міндетті түрде қаптама сыртындағы қолдану нұсқаулығын дұрыс пайдаланған жөн.


Моншаның қалай және қашан пайда болғаны туралы нақты анық деректер жоқ. Бірақ моншаны мұсылмандардың ойлап тапқаны анық екен. Тазалықты иманының жартысына балайтын мұсылмандар үшін суға түсетін орынның да тазалығы аса маңызды. Іші-сырты лас моншаның егесіде таза емес болады деген де түсінік бар. Сондай-ақ ислам дінінің моншаға түсу әдептілігінде, моншаға сол аяқпен кіріп, зиянды нәрселерден Аллаһ Тағалаға сыйынып кіреді екен. Сондықтан шомылатын, тазаратын жеріңіздің іші-сыртын мейлінше тазалықта ұстауға тырысу қажет.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ