Пышақты ГАЗЕТПЕН немесе көліктің ТЕРЕЗЕСІНЕ қайрауға болады

0
3 925

"Өтпес пышақ қол кесер". Кеспеу үшін МЫНА кеңесті есте сақтаңыз.


Пышақты ГАЗЕТПЕН немесе көліктің ТЕРЕЗЕСІНЕ қайрауға болады

Кез-келген пышақ уақыт өте өтпей, жүзі мұқалып жатады. Мейлі, ол қымбат болса да. Алайда асүйді пышақсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан адамдар пышақ жүзін өткірлеу үшін арнайы қайрақ тас ойлап тауып, пайдаланады. Бірақ, кейде сол болмашы тастың қайда қалғанын таппай немесе алуды ұмытып кетіп, керек кезде әбіржіп қалып жататынымыз бар. Үйде қайрақ тасы жоқ кезде пышақтарды қалай тез әрі өткір етіп қайрауға болады? Бұл сұраққа жауапты төменнен таба аласыздар.

Газет. Жапондық жігіт пышақты өткірлеудің өте ерекше әрі қарапайым жолын ойлап тауыпты. Ол үшін үйден газет табылса болғаны. Ия, кәдімгі – газет. Қазіргі технологияның дамыған заманында газет оқымайтындар да болуы мүмкін, бірақ көпшілік отбасыларда болатыны анық. Газетпен пышақ қайрау кішкене көңілге қонымсыз әрі қызық болуы мүмкін. Дегенмен технлогияларды дамытуда алдарына жан салмайтын жапондықтар осы әдісті ежелден пайдаланып, осы күнге дейін ұстанатын көрінеді. Мұндағы басты құпия газет бетіндегі бояуларда екен. Яғни бояу құрамындағы графитте (графит – қара сұр немесе қараға жақын минерал). Сондай-ақ газеттің қалың болуының да кішкене болса да маңызы бар.

Пышақты қайрап өткірлеу үшін газетті екі бүктеп үстел үстіне қою керек. Ал пышақты жалпағынан тегіс етіп газет бетіне қойып, бір бағытта бірнеше мәрте сырғытып, жанып өту қажет. Пышақты келесі жағынан да осылай жанып, алдыңғы әрекетті қайталаймыз. Газет бетіндегі бояудың дәмі ауызға сезілмес үшін пышақты қайрап болған соң ыдыс жууға арналған сұйықтықпен жуып, шаю керек.


Жартылай ашылған көлік әйнегі. Бұл әдіс те пышақты өткірлеуге көмектеседі. Бар болғаны жартылай ашылған көлік әйнегіне пышақтың екі шетін де жақсылап бірнеше қайтара жанып алсаңыз болғаны.


Керамикалық ыдыс. Бұл әдіс әрбір қазақ отбасы үшін өте таныс болса керек. Өйткені апаларымыз кесені төңкеріп жіберіп түбіне пышақты қайрап жататын. Керамикалық ыдыс кәдімгі қайрақ тасқа ұсайды, сондықтан жанылған пышақтың жүзі өткір болатыны сөзсіз.


Өзге пышақ. Екі пышақтың жүзін бір біріне жақсылап жану арқылы да қайрауға болады.


Егеуқұм қағазы (наждачная бумага). Көбіне құрылыс заттары арасынан табылатын бұл қағаз да қайрақты алмастырушы бола алады. Ірі егуқұм қағазын алып пышақты қайрап алсаңыз болғаны.


Былғары белдік. Бұл әрине қайрау үшін ештеңе табылмай қалған кездегі соңғы амал. Пышақ аса өткір болып кетпесе де, өтпес болғаннан жақсы. Бірақ былғары белбеуге қайралған пышақ өте керемет жарқырайтын болады. Ол үшін белбуді қатты тартып тұрып, пышақтың алдымен бір бетін, кейін екінші бетін жақсылап жанып алу керек.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын.

Аударған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:


Мектепке арналған лайфхак: Ата-аналардың жұмысын жеңілдететін 10 кеңес