Мектепке арналған лайфхак: Ата-аналардың жұмысын жеңілдететін 10 кеңес

0
5 169

Бақылау жұмысына дайындық кезінде балаға сағыз беру керек.


Мектепке арналған лайфхак: Ата-аналардың жұмысын жеңілдететін 10 кеңес

Міне, жазды аяқтап жаңа оқу жылын да қарсы алып үлгердік. Енді алда ата-ана мен бала, мектеп арасындағы қызықты кезеңдер басталады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер таңертең тұрғысы келмей, сабақ деген қызықсыз болып біраз уақыт әуреге салады. Әрине мұның бәрі уақыт еншісінде. Осыған орай біздің керек кеңестер ата-аналар мен оқушыларға және мектепке қатысты болады.


  • Күш-қуатты аз жұмсап, уақытты ұтымды пайдалану үшін алдымен ЖОЛ ЖҮРУДІ жоспарлау керек. Қазір техниканың қарыштап дамыған кезінде бұл аса қиындық тудыра қоймасы анық. Бар болғаны телефоннан қосымша арқылы қай жерде жол кептелісі бар, діттеген жерге жеткізетін автобустардың қай жерде келе жатқанын анықтап алса болғаны.
  • Баланы ерте тұруға дағдыландыру қажет. Мейлі сабағы түсте басталатын болса да, күнделікті таңертең ерте тұрғызған дұрыс. Балаға өз алдына бөлек қоңырау қою керек. Қоңыраудың даусы қаттырақ шығу үшін, телефонды бокал секілді ыдысқа салып қойса тез оянады.

  • Баланың қолынан келетін істі оның орнына істеп берудің қажеті жоқ. Әрине бала үлгермей немесе қатты шаршап жатса оның орнына жұмыс жасап үлгересіз. Алайда барлығы жақсы болса өз төсек-орнын жиинап, кітаптарын сөмкесіне салып тағы да басқа өзіне қажетті нәрселерді өзі жасағаны дұрыс. Егер өз ісіңізге қосымша баланың шаруасымен айналысып кетсеңіз тез шаршап, ашуыңызды баладан немесе айналадан алуыңыз мүмкін.
  • Баланың сабақтан кейінгі уақыт кестесін үйдегі қабырға сағатына сәнді етіп жазып қоюға болады. Үнемі уақытқа қарайтын болғандықтан не істеу керек екені естен шықпайды. Ал уақыт өте бұл күнделікті әдетіне қалыптаса бастайды.
  • Балалардың көмегінен қашпаған жөн. Денсаулығына зияны тимесе үй шаруасына, азық түлік әкелуге т.б жеңіл шаруаларды балаға тапсырып уақытты үнемдеген дұрыс. Әрі баланы да жаймен дербестікке үйретесіз.
  • Тізім жасау. Мейлі күнделікті қайталанатын іс болса да солардың тізімін жасап қою бос уақытты көбірек қалдырады. Яғни, баланың сабағына қарауға немесе өзіңізге көңіл бөлуге жеткілікті уақыт болады. Күнделікті қажетті негізгі тағамдар мен таңертең міндетті түрде жасалу керек істер тізімін жасап қою керек. Қолда тізім болса артық ойдан аулақ боласыздар.
  • Киімдерді дайындап қою қажет. Мүмкіндік болса бір аптаға киетін киімдерді таңдап, ретімен шкафқа салып қойған дұрыс. Сонда балалар дүйсенбі мен сенбі аралығындағы киімдерін үлкендердің көмегінсіз-ақ киіп кете береді. Ал Сіз тек ауа-райындағы өзгерістерді бақылауға алсаңыз болғаны.
  • Үй жұмысын орындаған кезде балаға арасында су беріп тұрған дұрыс. Су баланың ойлау қабілетін арттыруға және өзін сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бақылау жұмысына дайындалған кезде балаға дәмі ерекше, бұрын шайнап көрмеген сағыз алып берген дұрыс. Мектептегі бақылау жұмысы күні дәл сол сағызды пайдаланса, дайындық кезіндегі жаттағандары еске түсіруге көмектеседі.
  • Егер берілген тақпақ, өлең жолдарын жаттау қиындық тудырса, онда оны кітаптан жақсылап оқып диктофонға жазып алу керек. Жазылған дауысты құлаққап арқылы қайталап тыңдау берілген тапсырманың тез әрі оңай есте сақталып, жатталуына көмектеседі.

Аударған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.