​Шашқа арналған кондиционермен үйдегі көп шаруаны бітіруге болады

0
1 931

Шашқа арналған кондиционер - үй шаруасындағы таптырмас көмекші құрал.


​Шашқа арналған кондиционермен үйдегі көп шаруаны бітіруге болады

Қазіргі кезде қыз-келіншектердің ең көп қолданатын заттарының бірі – шашқа арналған кондиционер. Дәл осы кондиционерді шаш жуудан өзге күнделікті тұрмыста түрлі жағдайларға пайдалануға болады. Кондиционерді үй шаруасындағы таптырмас көмекші құралға қалай айналдыруға болады?



  • Қар мен судың әсерінен ағарып, өңін берген былғары аяқ киміді аз ғана мөлшердегі шашқа арналған кондиционермен сүртіп, әдемі түсін қайта қайтаруға болады.
  • Егер тоқыма киімдер жуғаннан кейін көлемін жоғалтып қысқарып қалса, көңіл күйді түсірмеңіз. Ондай кезде жылы суды кір жуатын ыдысқа шамалы ғана құйып (шамамен 4-5 л су) 1 ас қасық кондиционерді араластырып алу керек. Қажетті киімді сол суға салып 3-5 минутқа жібітіп қою керек. Уақыт өткен соң жемпірді судан шығарып (сықпау керек), бастапқы қалыптағы мөлшеріне келгенше мұқият созу керек.
  • Нәзік киімдер ( әсіресе іш киімдер) үшін қымбат арнайы құрал сатып алудың қажеті жоқ. Оның орнын кондиционер баса алады. Ол үшін кір жуатын ыдысқа жылы су құйып 1 ас қасық кондиционерді араластыру керек. Киімдерді сол суға алып, кәдімгі кір сабынмен-ақ жуып тазартуға болады.
  • Кейде сақинаны ауыр жұмыстардан кейін қолымыз ісіп кетіп немесе жәй тағып көремін деп шықпай, шеше алмай қалатын кездер кездесіп жатады. Сондай кезде ең жақсы көмекші де осы кондиционер.
  • Егер боянуға арналған жаққыштың (кисточки) қылшалары қатты болып қалса, онда оларды кондиционерге салып жұмсартуға болады.
  • Тырнақ айналасындағы артық етті алуға да кондиционерді пайдалануға болады. Кондиционердің аз ғана бөлігін алып, тырнақ айналасына жағып шығып, процедураны бастай бересіз. Бұл құрал теріні нәрлендіріп, жұмсартады.
  • Шашқа арналған кондиционердің құрылымы өте үлпілдек. Сондықтан ол көптеген қырынуға арналған кремдерге қарағанда өте жеңіл келеді. Қырыну үшін осындай ерекше тәсілді қолданып көруге болады.
  • Кондиционер үнемі электрленіп, шашырап жүретін шашты жинауға да жақсы көмектеседі. Ол үшін кондиционердің аз ғана бөлігін алып алақанға шамалы ысқылап алып, шашыраған шаштарды сипап шығу керек.

  • Көбіне кішкентайлар ойнап, терлеп жүріп шаштары тез шатасып қалып жатады. Тарап шатысты жазуға жылап мүмкіндік бермейді. Ондай ұйысып қалған шаштың мәселесін кондиционер тез-ақ шешеді. Бала да жыламайды, өзіңізге де оңай. Ол үшін: 1:9 мөлшерінде кондиционер мен суды (1 ас қасық кондиционер болса 9 ас қасық су) жақсылап араластырып, бүріккішке құйып алу керек. Бүріккішпен шатасқан шашқа шашу қажет. Тістері ірі, сирек тарақтың көмегімен шатасқан шашты жәй тараған дұрыс.
  • Егер аяқ астынан су ағып кететін жер толып, су жүрмей қалса, онда оған аз ғана кондиционер құйып, үстінен ыстық суды барынша қатты ағызып жіберу керек. Нәтижесінде суағардағы жиналған қоқыс оп-оңай ағып кетеді.
  • Шашқа арналған кондиционер темірді тоттанудан жақсы сақтайды. Ол үшін кондиционерді темір құралдарға жұқалап жағып қою қажет.
  • Кондиционер шомылуға арналған майды алмастыра алады. Бірнеше шәй қасық кондиционерді ваннадағы суға қосып шомылса, тері ылғалды, тартымды, жылтыр болады.
  • Жарақаттанған кезде таңған жапыстырғыш (пластырь) оңай, ауыртпай алынуы үшін, кондиционерді пайдалануға болады. Кондиционерден аз ғана алып жабыстырғыш пен айналасына сіңдіре жағу керек. Тез-ақ алынады.
  • Сондай-ақ кондиционер, сырғымай, қысылып қалған сыдырма ілгектің мәселесін де шеше алады.
  • Сыдырма ілгек үстіне екі-үш тамшы кондиционер тамызып жіберсеңіз, ол бірден сырғи жөнеледі.
  • Есіктің топса, ілмектері сықырламас үшін шашқа арналған кондиционер жағып қойыңыз!


Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Оқи отырыңыз: Әр үй иесінің КҮЗДЕ жасайтын 7 ҚАТЕСІ

Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.