​Терезе терлемес үшін тіс пастасын қолдану керек

0
4 170

Әйнектегі тамшылар аяздың әсерінен мұзға айналса олардың көлемі ұлғайып, түскен жерін кеңейтіп жібереді.


​Терезе терлемес үшін тіс пастасын қолдану керек

фотолар ғаламтордан

Қыс мезгіліне қарай терезелердің жиі терлейтіні бар. Одан аққан су терезе алдын, айналасын көгертіп жібереді. Бұл жағымсыз көріністердің бірі. Терезе әйнектері бөлме ішіндегі ылғалды тез сезеді. Даладағы температура төмендеген соң терезе іші тұманданып, ұсақ тамшы пайда болады.


Тамшылардың пайда болуына тек ауа райы ғана емес, өзге де нәрселер әсер етуі мүмкін. Бұл тамшылар терезенің металл бөлшектерін коррозияға ұшыратады. Ал тамшылар аяздың әсерінен мұзға айналса олардың көлемі ұлғайып, тұрған жерін кеңейтіп жібереді. Егер терезедегі тамшылар мәселеге айналса, онда оны болдырмаудың түрлі тәсілдерімен таныс болыңыз.


Ең алдымен терезедегі тамшының пайда болу себептерін білу керек. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін.

Адамның демі

Күннің суығында сыртта дем алған уақытта қандай бу шықса, үй ішінде де сондай бу шығады. Тек ол үй ішінде көрініп, білінбейді. Үйде адам көп болған сайын бу көбейіп ауада мол ылғал пайда болады.
Тамақ дайындау

Шәйнектегі шайдан бастап тамақ пен асүйде жасалған кез-келген тағамнан мол ылғал түзіледі.


Бөлме гүлдері

Гүлдер де үйде ылғалды ауаның пайда болуының бір себепшісі. Бөлмеде гүл көп болған сайын, оның үстіне жапырақтары үлкен болса, онда ол ауаға мол ылғал бөлінеді.


Сантехникалық құрылғылармен жұмыс - ауада ылғалдың жоғарылауына себеп болады. Ванна қабылдау, қол жуу, ыдыс, кір жуу, жалпы су қолданатын жұмыстар.


Үйдегі ылғалдың мол болуы жоғарыдағы жайттарға қатысты орын алады. Алайда бұл жайттардың барлығы күнделікті тұрмысқа қажетті. Сондықтан олардан бас тару мүмкін емес. Бірақ ауа қаншалықты ылғалды болса да терезедегі тамшыларды болдырмаудың қарапайым әдістері өте көп. Солардың біразын біле жүріңіздер:


Балауыз шам. Бөлмедегі ауаны қалыпқа келтіретін, бұрыннан келе жатқан тәсілдердің бірі. Әрине бұл шамалы қымбаттау, дегенмен терезе терлеп алды көгермес үшін жасауға болады. Ол үшін балауыз шамның бірнешеуін терезенің алдына толық жанып біткенше жағып қою керек. Сондай-ақ балауыз шамнан бөлінген көмірқышқыл газы бөлмедегі гүлдерге де жақсы әсер етеді. Бұл жерде бастысы өрт қауіпсіздігін сақтау.


Сабын. Терезеге сабынмен майда тор салып шығу керек. Кейін оны арнайы терезе сүртетін шүберекпен тазартып сүртіп алу керек.


Глицерин. Терезе терлемес үшін этил спиртімен глицеринді 20/1 тамшы етіп араластырып бүркігіш ыдысқа құйып терезені сүртіп алу керек. Сүртіп болған соң спирт буланып кетеді де глицерин әйнек бетінде қорғаныс қабатын түзеді.


Қырынуға арналған көбік. Азырақ көбікті немесе гельді терезеге жағып жылтыратып қағазбен сүртіп алу қажет.


Лимон. Терлеп тұрған терезені лимонды екіге бөліп сүртуге болады. Артынан арнайы шүберекпен немесе қағазбен тазартып алу қажет.


Тұз. Терезе алдына шүберекке тұзды толтырып салып қою керек. Тұз түйіршіктері артық ылғалды жақсы сіңіреді.


Тіс пастасы. Сорғышқа тіс пастасын жағып терезені ысқылап сүрткен дұрыс. Сондай-ақ тіске арналған ұнтақты да пайдалануға болады.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Қазтамақ (герань) гүлі жақсы өсу үшін ПИЯЗ қабығы керек