Сізге арнайы бірдеңе сатып алудың қажеті жоқ. Әдіс өте жақсы және аз шығынды қажет етеді. Сондай-ақ қолда бар құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қыстай жазды болдыра алмай, күннің көзіне жеткенше асығамыз, ал жаз болса күн сәулесінен қорғанып салқындау жолдарын іздейміз. Негізі күннің тікелей түскен сәулесін адамдар ғана емес, жансыз заттар мен бөлме ішіндегі гүлдер де ұната қоймайды. Бұрынырақта бөлме ішін күңгірттеп, күннен қорғану үшін газеттерді пайдаланып, соларды жапсырып жататын. Ал қазір заман ағымына қарай бөлмеге түскен күннен қорғайтын сан түрлі перделер, жалюздер сауда нүктелерінде толып тұр.
Ал біз өз кезегімізде Сіздерге күннен қорғанудың ең қарапайым, тиімді және ең арзан, өз қолыңызбен жасап алу жолдарын ұсынамыз.
Сізге арнайы бірдеңе сатып алудың қажеті жоқ. Әдіс өте жақсы және аз шығынды қажет етеді. Сондай-ақ қолда бар құралдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қажетті заттар:
- Қажетсіз ескі шілтер (тюль)
- Қайшы
- Метрлік таспа
- Шүберек
- Крахмал
- Бірінші кезекте әйнектің іші сыртын жуып тазарту;
- Ішкі жиегі бойынша терезе жақтауларының ұзындығы мен енін өлшеу;
- Шілтерді әйнекке өлшеп сәйкес келетін тікбұрыштарды кесу;
- Крахмал мен судан желім жасап алу қажет.
Ол үшін жарты литр қайнап тұрған суға 1 ас қасық крахмалды түйіршік болмас үшін жаймен қосып қасықпен араластыра отырып, шамалы қайнатып аласыз.
Орташа 4 әйнекті желімдеуге 1 литр су және 2 қасық крахмал кетеді. Алайда, егер шілтер қалың немесе ауыр болса, бұл шығындарды арттыруға дайын болыңыз.
Желімдеу жолдары:
- Өлшеп кесіп алған шілтерді крахмал ерітіндісіне толық батырыңыз;
- 2 минут бойы сіңдіріп қойыңыз;
- Шілтерді шығарып алыңыз және сәл сығыңыз, тек ерітінді кетіп қалмасын;
- Шілтерді шынының ортаңғы бөлігіне қойыңыз. Ортасынан алдымен жоғары қарай жылжытып, шүберекпен басып тегістеп жабыстырыңыз. Жоғары жағы жабысқан соң бір қолыңызбен жоғары жақты ұстай тұрып, төменгі жақты сол тәсілмен жабыстырып алыңыз.
Сондай-ақ көше жақтан мұндай көрініс өте әдемі көрінеді! Әйнекті бұлайша күңгірттеу экология жағынан да өте тиімді. Бөлме іші жарық, бірақ сыртқа ештеңе көрінбейді. Сыртынан тұтылған перделер де күнге күйіп, өңін беріп жатпай, ұзақ пайдалануға жарайды.
Мұндай әйнектерге қандай күтім қажет?
Шілтер жапсырылған әйнекті кез келген сәтте жууға болады. Іштен сәл дымқыл шүберекпен сүрту жеткілікті. Күзде сіз шілтерді алдын ала сумен сулап қойып, шыныдан оңай ажыратып аласыз. Крахмалдың қалдықтары шыныға қосымша жылтыр бере отырып, өте оңай жуылады.
Біздің ұсынған кеңестеріміз қажеттеріңізге жарайды деген ойдамыз.
Дайындаған: Эльмира Базарбаева,
Тағы оқыңыз: Шалбардың балағын, етегі ұзын көйлекті қысқартып алудың оңай әдісі.