Жаңалықтар

Өзбекстанда жоғары оқу орындарында сырттай оқуға қабылдау тоқтатылды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Жарлығына сәйкес, сырттай оқудың орнына баламалы білім беру формалары дамытылатын болады.

Пәкістанның Үндістандағы нысандарға кері соққысынан екі адам опат болды

Үндістан Пәкістанның шекарадағы бітімгершілік келісімін бұзғанын мәлімдеді.

2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстан елордасында Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді

Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.

Батыс Қазақстанда төрт айда 600-ге жуық адамды ит қапқан

Биылғы жылға қаңғыбас жануарларды аулау және стерилизациялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 73,3 млн теңге қаржы бөлінген.

​Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты

Бұл қадам арқылы Temu Трамп әкімшілігі енгізген қытайлық импортқа салынған қосымша салықтарды айналып өтуді көздейді.

Алматы облысында 700-ден астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

2024 жылдың соңына дейін Алматы облысы бойынша 330 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде 775 нысан бейімделіп, жоспар артығымен орындалды.

​130-дан астам жолаушы «Keruen Express» туристік пойызымен сапарға аттанды

Туристік пойыз Алматы қаласынан жолға шығып, Алматы — Түркістан — Ташкент — Самарқан — Бұқара — Алматы бағыты бойынша қатынайды.