АҚША қайтсе КӨБЕЙЕДІ - астрологтар

0
2 594

Аз ақшаны дұрыс жұмсап, көпке жеткізе аласыз ба?


АҚША қайтсе КӨБЕЙЕДІ - астрологтар

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі» деген жаңалықтан хабарыңыз бар, иә? Естігенде қуандыңыз ба? Әлде «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» деп жабырқадыңыз ба?

Айлық табысыңыз қанша болса да, оны орнымен жұмсай алмасаңыз, жетіспеушіліктен арылмайтыныңыз анық. Сондықтан сала мамандары жалақының мәселесін майшаммен қарай берсін, сол уақытта сіз бен біз ақшамен қарым-қатынасыңыз қалай екенін анықтауға тырысып көрейік. Оны жақсартудың амалдарын да ұмытпаймыз, әрине.

Бұл үшін бізге көмекке астрологтар болжамы мен жұлдызбелгіңіз келеді.


Тоқты

Тоқтылар көп жұмыс істейді және соған сәйкес көп ақша жұмсайды. Ақшаға қатысты алаңсыз, бүгінгі күнмен өмір сүреді, ертеңін ойлап уайымға салынбайды, қор жинамайды. «Артық ақша болғанын қаласаң, үнемдеудің қажеті жоқ, көбірек табу керек» деген пікірде. Әр тиынын есептеп, «ақша тиыннан құралады» деп ақыл айтушыларға ашық түрде қарсы. Еңбекқорлығының арқасында өзі және отбасының жайлы өмір сүруі үшін жеткілікті ақша таба алады.


Торпақ

Олар ақшаның қадірін біледі. Сән-салтанат пен жайлылықты жақсы көреді, әйткенмен, қаражатын пайдасыз нәрселерге жұмсамайды және әр сатып алуды мұқият жоспарлайды. Бағалы заттар мен қор жинағанды жақсы көреді. Кейде тіпті еш қажеттілігі болмаса да қандай да бір затты сатып алу не белгілі бір соманы жинауды өмірінің мәніне айналдырып алады.


Егіздер

Егіздер үшін байлық өмірдің басты мақсаты емес. Олар ақшаны тек қажеттіліктерін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырады. Бір күндері әр тиынды үнемдеп жүреді де, бір сәтте болмашы нәрсеге жұмсап жібере салады. Қаржының жетіспеушілігі Егіздерді ақша табудың барлық жолдарын қарастыруға итермелейді, неше трлі идеяларын тудырады. Соның арқасында ақшасыз жүрмейді.


Шаян

Бұл белгі өкілдерінің арасында танымал бизнесмендер мен кәсіпкерлерді сирек кездестіруге болады, бірақ олар ақша тапшылығынан мүлде зардап шекпейді. Ақшаны жинаудан көрі өзінің және отбасының жайлылығын көбірек ойлайды. Заттардың құнына қарамастан, жайлылықты қамтамасыз етуге көп ақша жұмсайды. Кейде эмоцияға беріліп жоспарланбаған шығындарға ұрынады. Шаяндарды қаржылық тұрақтылық қатты алаңдатады, егер ол жоқ болса, мазасы қашады. Негізінде, олар барлық негізгі сатып алуларды алдын ала жоспарлайды.


Арыстан

Бұл белгі өкілдері сән-салтанатпен өмір сүруге үйренген, өзіне ештеңеге тыйым салмайды. Сондықтан жоғары табыс Арыстанның өміріндегі басты мақсаттарының бірі, ол үшін көп нәрсе жасауға дайын. Адамдарға жақсы әсер қалдыру үшін үлкен шығындарға барады. Жақындарының сән-салтанатта өмір сүруі, көңілі үшін үнемдемейді. Арыстандар іс жүзінде қор жинауға бейім емес, бірақ бар қаржылық мақсатты ескере отырып, олар өздерінің әдеттегі өмір салтынан бас тартып, соған жетуге қабілетті.

Бикеш

Белгі өкілдері ақшаға қатысты барлық нәрселерде өте мұқият. Әсіресе, қарызға бермейді. Бұл сараң болғандықтан емес, қаржыға деген дұрыс көзқарасынан. Астрологтардың айтуынша, олар экономист болып туылған. Еңбекқорлығы мен қабілеттері өмірде үлкен жетістіктерге жетуге және жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік береді.

Таразы

Барлық белгілердің ішінде Таразы жауапкершілігі мен еңбекқорлығы жағынан ең төменгі орында. Дәмді тамақтануды, әдемі киінуді және жақсы демалғанды ұнатады. Осыған байланысты белгі өкілдері ақша жинай алмайды, ақшаны ұтымды жұмсау оларға жат әдет. Бірдеңе сатып алғысы келсе, қалтасында қаражаты жоқтығына қарамастан қарыз алып болсын амалын табады.


Сарышаян

Белгі өкілдері табыс пен байлыққа жету үшін барлық қажетті қасиеттерге ие. Оларда жоспарларын ақшаға айналдыра отырып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ойлау ерекшелігі бар. Қаржылық трақсыздыққа, қиыншылыққа тап бола қалса, әрдайым дерлік жағдайдан шығудың жолын табады.


Мерген

Бай және табысты болу – олардың басты арманы. Жұмыс іздегенде, бірінші кезекте жалақыға назар аударады. Сәйкесінше еңбекқорлығымен көзге түсіп, кәсіби міндеттерін сапалы орындайды. Сондықтан өз еңбегінің қадірін біледі. Кейде жоспарсыз көп ақша жұмсап жіберуі мүмкін. Мұқтаж адамдарға көмектесуді де ұмытпайды. Олар әрқашан өздерін табысты және бай адамдар ретінде көрсетеді.


Тауешкі

Бұл белгі өкілдері қаржылық жағынан қауіпсіз және табысты болған кезде ғана өздеріне сенімді. Ақшаны қажырлы еңбекпен табуды жөн көреді, жеңіл-желпі жұмыстарға жоламайды. Үнемді және ұқыпты, ақшаны оңды-солды жұмсауға дағдыланбаған.


Суқұйғыш

Олар үшін ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе емес. Ақшаға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет құрал деп қана қарайды. Ашкөздік пен коммерциядан мүлдем алыс. Суқұйғыштар өте үнемді емес екеніне қарамастан, ешқашан ақшасыз қалмайды. Жеткілікті қаражаты болған кезде, ол көптеген мұқтаж адамдарға көмек көрсете алады.


Балықтар

Бұл белгі иелері алаңдамаса да болады, өйткені ақша олардың уысына өзі келіп түседі. Бір жаманы осындай жолмен келген қаражатты қалай дұрыс пайдалану керегін білмейді, көбінесе қажетсіз және мүлдем пайдасыз нәрселерге жұмсайды. Бюджетін жоспарлауды ұнатпайды, сондықтан олар қаржылық қиындықтарға жиі тап болады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОСЫ 3 адамға мүлде СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ